5 тамызда мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі белгілі болады

Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратты ресми сайты мен әлеуметтік желіде жариялайды.

Биыл 88 мың білім гранты бөлінді. 94 мың түлек осы гранттардан үмітті. Педагогика және инженерлік мамандықтарына өтінім көп түскен. Сұранысқа ие мамандықтардың үштігін ақпараттық коммуникация технологиялары түйіндеп тұр. Еліміздің жоғары оқу орындарына түсу тамыздың 25-не дейін жалғасады.