Астанада оқу жылында жаңа төрт мектеп қолданысқа беріледі
Елордада 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Төртеуі жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Тағы 9 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалды.
Бас қалада 8 үш ауысымдық және 18 шамадан көп бала оқытатын мектеп бар. Соның бірі №53 мектеп-лицей. 2006 жылы пайдалануға берілген нысанда 3 жарым мың шәкірт білім алады. Бұл алғашқы межеден айтарлықтай көп. Мәселені шешу үшін мектеп жанынан тағы бір ғимарат салынып жатыр. Жоспарлы күрделі жөндеу де аяқталып қалды.
Зәмзагүл Қиянова, Б. Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейінің директоры:
- 600 орындық, егер 2 смен болатын болса, 1200 бала сиятын мектеп салынып жатыр. Өзінің асханасы бар, спортзалы бар, мәдени іс-шаралар өтетін үлкен мектептің құрылысы салынып жатыр.
Жаңа оқу жылында 27 мың елордалық бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Оқушы саны жылдан-жылға артып келеді. Сәйкесінше, білім ошағын көбейту маңызды.
Қасымхан Сенғазыев, Астана қаласы білім басқармасының басшысы:
- Жаңа оқу жылында берілетін 4 мектеп те 100 пайыз дайын. Мердігерлерді сапасын құрылыс басқармасымен бірге бақылауда ұстап отырмыз. Салынып жатқан 6 мектебіміз бар. Біздің мақсатымыз соларды жедтоқсанға дейін бітіріп, балаларымыз 3 тоқсаннан сол мектептерге баруға жағдайларын жасау қазір.
Мамандар 2025 жылға дейін қаладағы үш ауысымды білім беру мәселесі шешілетіндігін айтты. Бұған "Жайлы мектеп" жобасы да ықпал етеді. Оның аясында 90 мың оқушыға арналған 24 оқу ошағы салынады.
Мерей Мұратханқызы, Марат Дихамбаев