Павлодар облысында «Мектепке жол» акциясы басталды
Оған кәсіпкерлер мен әлеуметтік ұйымдар белсенді түрде қатысып жатыр.
Ал жаппай оқыту қорынан 600 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа мектептерге қажетті жабдықтар алынады.
Алау Төлекееваның №7 орта мектепке төрт баласы барады. Көпбалалы ана бастауыш сыныпта оқитын екі ұлына оқу құралдарын алуға келді. Бала күтімімен үйде отырған ол мектеп ұжымымен тығыз байланыста. Өзі сияқты ата-аналармен бірге, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Алау Төлекеева, көп балалы ана:
- Осы алты жылдан бері осы мектепте оқып жатырмыз. Жыл сайын осы көмекті аламыз. Биыл ақшалай көмек берді. Ол 47 мың теңге, әр баланың басына. Міне сөмкесімен дәптерін анау-мынауын беріп жатыр мектептен канцтоварын. Бірақта жылына аламыз киімді де аламыз. амағымыз ақылы емес.
Балапан Шамшәріп, мектеп директорының орынбасары:
- Қазіргі уақытта 35 оқушыға материалдық көмек көрсетілді және жоғарыда аталған санаттарға жататын отбасылар әлі де құжаттарын әкеліп тапсыруда. Егер құжаттары сол санатқа жататынын растайтын болса көмек көрсетіледі.
Бұл мектепте жеті жүздей оқушы білім алады. Олардың 73-і көмекке мұқтаж отбасынан. Мектеп ұжымы ата-аналардың өтініштерін қарап, тиісті шешім қабылдайды.
Жанар Сматаева, облыстық білім беру басқармасының бас маманы:
- Акцияның масқаты аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету. Көмекке мұқтаж оқушылардың бірыңғай деректер базасы құрылды. Осы базаға 12 мыңнан астам оқушы енгізілді.
«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады. Мамандар көмекке зәру бірде бір баланың назардан тыс қалмайтынын айтады.
Қарлығаш Қасиетова, Жеңіс Темірболат