Петропавлда апатты мектеп жабылды
Петропавлда жаңа оқу жылы қарсаңында №19 бастауыш мектеп жабылды.
60 жыл бұрын салынған білім ошағына сараптама жүргізіліп, нысан апатты деп танылды. Мамандар қабырғасы сөгілген ескі ғимаратты қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес деп отыр. Қазір оқушыларды басқа мектепке ауыстыру туралы шешім қабылданған. Бүгінде мұнда 44 оқушы бар. Оларды басқа мектептерге орналастыру үшін құжат қабылдау басталды. Жалпы облыста апатты жағдайдағы төрт мектеп бар. Оның үшеуі Тайынша ауданында.
Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Ата-анараларға жақын маңдағы нөмірі төртінші және 23 мектепке балаларды ауыстыру ұсынылды. Ол үшін арнайы техника бөлеміз. Яғни автобус оқушыларды тегін тасымалдап тұрады. Оған келіспесе, өздері таңдау мүмкіндігіне ие. Ешқандай шектеу жоқ. Ұстаздар қауымы да жұмыссыз қалмайды. Оларға бос орындар ұсынып жатырмыз.