Шымкентте оқушыларға мектеп формасын алуға екі млрд теңгеден астам ақша бөлді

Шымкент қаласында 54 мыңға жуық оқушыға мектеп формасын алу үшін қалалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Білім басқармасының мәліметінше, көмек алатындардың тізімінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасынын балалары бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балдырғандар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер де назардан тыс қалмайды. Әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын алу үшін 41 мың теңге бөлініп, есеп шотына аударылды. Жалпы биыл қала мектептерінде жаңа оқу жылына қабылданған бала саны жылдағыдан 7 мыңға артқан. Бірінші сыныпқа 28 мыңнан астам оқушы барады.    

Жанат Тәжиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

- 53 893 оқушыға бір реттік мектеп формасын 41 мың теңгеден беруді аяқтадық. Қазір енді аз ғана категориядағы ата-аналар қалып отыр. Жалпы биылғы жылдың ерекшелігі тамыз айында емес шілде айында қаржылай көмек беруді ата-аналардың счетына аударуды аяқтадық.