Астанада мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр
Астанада мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Әр аптаның сенбі-жексенбі күндері қала тұрғындары белгіленген орындарда кеңсе тауарларын, киім-кешек, аяқ киім және керек-жарақтарды нарық құнынан төмен бағамен сатып ала алады. Өз өнімдерін қазақстандық тігін және аяқ киім фабрикалары ұсынды. Мектеп жәрмеңкесі тамыз айының соңына дейін жалғасады.