Шымкенттегі жазғы лагерьде заң талаптары өрескел бұзылған
Шымкенттегі балаларға арналған лагерьде заң талаптары өрескел бұзылған.
Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Тексеріс кезінде "Hawaii" лагерінің өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмағаны анықталды. Ал кей қызметкер еңбек шартынсыз жұмыс істеп келген. Тіпті кейбірінің қолында біліктілігін растайтын құжаты да болмай шыққан. Мұндағы медициналық кабинеттің жағдайы да сын көтермейді. Қажетті дәрі-дәрмек жоқ. Дәл осындай жағдай «Үш бұлақ» лагерінде де анықталып отыр. 220 орынға шақталған лагерде биыл заңсыз 310 бала демалғаны белгілі болды.