Жезқазғанда техникалық университет құрылады
Мемлекеттік жоғары оқу орнын лицензиялау, оқу бағдарламаларын жасақтау биыл аяқталады.
Келесі жылы алғашқы студенттер қабылданады. Ал жаңа шағын аудандардың бірінде кампус бой көтермек. Оған 30 гектар жер телімі бөлінген. Техникалық университет әзірше тау-металлургия колледжінің базасында орналасады. Алдағы уақытта Канада университтерімен арада тәжірибе алмасу жоспарда бар.
Ғалымжан Құсманғали, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары:
- Колледждің жұмысы одан әрі кеңейе түседі. Себебі, қазіргі іске асырылып жатқан оқу бағдарламалары кеңейтіледі. Ол жерде білім сапасына да, мамандарға да қойылатын талап жоғары ғой университет болғандықтан. Сондықтан білікті мамандар тартылады деп жоспарлануда.