Көкшетауда 500 орынға арналған екі студенттік жатақхана салынады

Фридом Финанс

Көкшетауда 500 орынға шақталған екі студенттік жатақхана салынады.

Қос нысанның құрылысын шаһардағы Шоқан Уәлиханов университеті өз қаражатына жүргізеді. Жоба құны 2 млрд 800 млн теңге. Жаңа жатақханалар алдағы жылы пайдалануға беріледі. Онда оқу залдары мен спорт стадионы болады. Биыл мемлекеттік грант бойынша университетке мың үш жүзден астам студент оқуға түсті. Сондай-ақ білім ошағы Қытай, Моңғолия, Үндістан, Индонезия және Пәкістан мемлекеттерінен келетін жүз елуден астам студентті қабылдауға дайын.

Марат Сырлыбаев, "Ualikhanov University" КЕАҚ ректоры:

- Біз өз қаражатымызға жатақхана салуды бастаған алғашқы жоғары оқу орындарының біріміз. Алғашында көп уақыт инвестор іздедік. Бірақ бұл ретте көптеген мәселе болды. Содан кейін өз қаражатымызға салуды жөн санадық. Қос жатақхананың құрылысы келер жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарланған.