Биыл «Жайлы мектеп» жобасының аясында 152 білім ошағының іргесі қаланады

Биыл ұлттық жоба аясында 152 жайлы мектептің іргесі қаланады.

Бұл өз кезегінде апатты және, үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге сеп-теспек. Әсіресе, шалғай ауылдарда заманға сай жабдықталған білім ошақтарының бой көтеретіні, жұртшылықты қуантып отыр. 3 жыл ішінде салынатын 369 білім ошағының 43 пайызы дәл осы елді-мекендердің еншісінде.

Мәулен Айманбетов, "Жайлы мектеп" ҰЖ Бірыңғай операторының басқарма төрағасы:

- 300 орындықтан 39 мектеп, 600 орындықтан 47 мектеп келесі жылдың бірінші қыркүйегіне дейін тапсырылады. Қалған 122 мектеп 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. 900 бен 2 мың орындық мектептер де білікті құрылыс компаниялары оқу жылының басына емес, 1 қыркүйекке дейін тапсыруға тырысамыз деп өтінімдерін айтып отыр. Бұл межені нақтылап желтоқсан айында айта аламыз.