Ұлытауда екі жылда 6 мектеп салынады
Ұлытау облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысы басталды.
Жезқазғанда бой көтеретін білім ошағы 300 орынға шақталған. Құрылыс жұмыстарына шамамен 3 млрд теңге бөлінді. Оқу ордасы келер жылы пайдалануға беріледі.
Бұл шағын ауданда бұрын-соңды мектеп мүлдем болмаған. Ал мұндағы 200-ден астам жеткіншек сегіз шақырым жердегі білім ошағына барып оқып жүр. Жалпы өңір бойынша алдағы екі жылда 6 жайлы мектеп салынады деп жоспарланып отыр.
Сапура Төлекова, Облыстық білім басқармасының басшысы:
- Жайлы мектептің конструкциясындағы негізгі идея – мектептің ішінің жалпы инфрақұрылымы, эргономикалық тұрғыдан дұрыс қалыптасуы, балаларға қолайлы орта қалыптастыру. Бұл жерде бастауыш сыныптардың блогы бөлек, жоғары сыныптың блогы бөлек болады. Бұл өз кезегінде балалардың қауіпсіздігіне де тиімді. Мектепке қажетті, оқу процесіне қажетті пәндік кабинеттер мен зертханалар қарастырылады.