Қазақ-тәжік ғалымдары бас қосты
Қазақстандық ғалымдар тәжікстандық тараппен бірлесіп, шипалы өсімдіктерден, дәрілік препараттар шығаруға ниетті.
Өйткені, Тәжікстанның тауларында өзге өңірлерде кездеспейтін сирек өсімдіктер өседі.
Бүгін қос елдің ұлттық ғылыми академиясының өкілдері осы және өзге де бірлескен тың жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.
«Qazbiopharm» Ұлттық холдингінде өткен басқосуда ынтымақтастықтың бағыт-бағдары айқындалды.
Жалпы, Қазақстан мен Тәжікстан ғалымдары, Орталық Азия аймағына тән мәселелерді шешуді көздейтін жобаларды іске асыруға мүдделі. Атап айтқанда, су басқару ісін жетілдіру, уран өнеркәсібін оңалту, сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық нормаларын әзірлеуде күш біріктіру мүмкіндіктері айтылды.
Аралбек Рсалиев, «Qazbiopharm» Ұлттық холдингі» АҚ төрағасының орынбасары:
- Аса қауіпті індеттер шекара талғамайтынын соңғы коронавирус пандемиясы нақты көрсетті. Сондықтан да біз осы бағытта мониторингтік зерттеулерді, жалпы ғылыми-зерттеулерді бірлесіп жүргізуге екіжақты ортақ пікірге келдік.