«Мектепке жол». Кәсіпкер 100 балаға құрал-жабдық сыйлады
Елордада әлеуметтік осал отбасылардан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 100 бала оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтылды.
«Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасына шақырылған әр балаға 30 мың теңгеден қаржылай көмек те көрсетілді.
Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, кәсіпкер Акбаржан Исмаилов жыл сайынғы игі дәстүрге зор ықыласпен атсалысатынын жеткізді.
Акбаржан Исмаилов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, меценат:
- Менің ойымша әрбір кәсіпкер, әрбір бизнестің қасында жүрген адамдар осындай жұмыспен мақтануы керек. Ал өзіме кәсіпкер ретінде міндет деп ойлаймын. Біз бұл акцияны әр жыл өткіземіз. Бұдан да басқа қайырымдылық іс-шараларымыз көп. Соның бірі бүгінгі 30 тамыз Конституция күні бар, Білім күні бүлдіршіндермізді қуантып, көмегімізді берейік азғантай да болса деп, сондай ниетпен жасап жатырмыз.
Жанаргүл Мәжитова, көпбалалы ана:
- Мектепке жүз пайыз дайынбыз деп айтуға болады. Сумка алдық ішінде оқу құралдары бар, бәрі дайын. Қаржылай көмек те алдық. Көптен көп рахметімізді айтамыз.