Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Үкімет басшысының орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай деді.

Ол 36 апталық оқу жылына көшу туралы шешімнің асығыс қабылданғанын атап өтті. Осылайша бастама 2025 жылға дейін шегерілді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Бұл әлемдік тәжірибе. Бірақ оны енгізу үшін үлкен дайындық керек. Құзырлы министрліктің шешімі орынды болды. Бірақ асығыстық танытты. Сол себепті, 34 апталық оқу жүйесіне оралып, оқу жылын 25 мамырда аяқтауды ұсынам.