Елордада 15 үздік стартап жоба анықталды
Еліміздегі ең ірі халықаралық технопарк әлемдік компаниямен бірлесіп кезекті рет оқыту мен тәлімгерлікті қамтамасыз етпек.
Бағдарламаның төртінші легіне қатысуға 197 өтінім келіп түскен. Жеңімпаздар қатарында Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері бар. Жоба авторларына бизнес-процестерді бастауға, жаһандық нарыққа шығуға және өз стартаптарына инвестиция тартуға көмек көрсетіледі. Бұған дейін қатысушылар 7,5 млн доллар инвестиция алған.
Таңат Өскембаев, Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушы директоры:
- Жобалардың ерекшелігі бізде әр түрлі саладағы жобалар тартылды. Осы бағдарламаға олар Биту-би, биту-си деген сигменттерге бөлінеді. Сол үздік жобалар өздерінің презентациясын жасайды. Осы презентацияларға біз бизнес періше дегендерді тарттық. Олар стартаптарды көріп, өзінің инвестицияларын ұсына алады. Өйткені бұл бағдарламаға ең үздік стартап жобалар таңдап алынған. Біз стартап жобаларға баспанамен қамтамасыз етеміз.
Айболат Құлатай, Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушы директоры:
- Бұның маңыздылығы - ең үлкен беретін құндылықтардың, жобалардың жаңа деңгейге шығуына инвестициялық қаржы мәселесін шешу болса, сондай мүмкіншіліктерді ашады. Немесе бір жаңа табыс деңгейіне жаңа бір бизнес модель ойлап табуға керемет мүмкіншіліктер болады. Көрші мемлекеттерге, масштабқа шығуға, құндылықтарға беруге көмектеседі деп айтсам болады. Әрине қазір айти тенденция болып жатыр ғой. Көптеген мәселелерді технология арқылы шешіп жатыр жастар. Бұл төртінші бағдарлама, яғни 4 жобаға жалғасқаннан кейін әрі қарай жалғасы болады деп ойлаймын.