Мектепке жол. Әр балаға 40 мың теңгеден
Батыс Қазақстан облысында бірқатар әлеуметтік санат бойынша 8 600 балаға оқу-құрал алу үшін 40 мың теңгеден берілді.
Көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасы балалары мен жетім балаларға бірінші кезекте көмек көрсетілді. Өтініштер әлі де қабылданып жатыр.
Ведомство мамандарының айтуынша, «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 372 млн теңге бөлінген. Бірреттік төлем отбасыдағы әр балаға төленеді. Ата-аналар қажетті тауарды өздері таңдайды.
Сонымен қатар өңірде «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Оған жергілікті кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері үлес қосып, балаларға киім-кешек пен оқу-құралдармен қамтамасыз етіп жатыр.
Луара Батырғалиева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Ата-ана міндетті түрде мектепке барып өтініш береді. Сол өтініш арқылы ол ата-ананың есепшотына қаражат аударылады. Ата-ана 15 күннің ішінде сол балаға алған заттардың дәлелдемелерін беріп, әлеуметтік педагогқа келіп, әрі қарай есеп беруге тиісті. Ол міндетті түрде мектеп формасы немесе аяқ киім деген сөз емес, жалпы баланың өзіне оқу жылына не қажетті, соны ала алады. Ол қысқы киім де болуы мүмкін, ол кеңсе тауарлары да болуы мүмкін.