Экс-министрден ерекше кеңес

Экс-министрден ерекше кеңес

Жаңа оқу жылының алдында оқушыға кітап, дәптер, форма әперіп қана қоймай, оны эмоционалды, психологиялық және физикалық жағынан дайындауды да ұмытпаған жөн.

Нақтырақ айтқанда, баланың оқу үлгерімін жақсарту, жаңа дағдыларды дамыту немесе қосымша сабақтарға қатыстыру керек.

Бұдан бөлек оқушының оптимистік көзқарасын дамыту аса маңызды. Ол үшін түрлі жетістіктері мен мүмкіндіктерін еске түсіру керек. Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой ата-аналарға осындай кеңес беріп отыр.

Сондай-ақ ұйқы режимін қалпына келтіріп, дұрыс тамақтанған жөн.

Ал эмоционалды тепе-теңдікті нығайту үшін бала өз достарымен де көп уақыт өткізуі қажет – дейді Алексей Цой.