Алматы облысындағы Қосқұдық ауылының балалары оқу жылын жаңа мектепте бастайды
Алматы облысындағы Қосқұдық ауылының балалары жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайды.
Жомарт жандардың демеушілігі арқасында іргетасы берік, сәулеті келісті білім ордасы бой көтерді. Бүгінгі мерекеге орай мектеп салтанатты жағдайда ашылды. Қосқұдық тұрғындары жаңа мектептің салынуын көптен күткен. Әр сынып өтетін пәнге байланысты қажетті оқу құралдарымен жабдықталған. Баланың зейінін ашып, сабаққа қызығушылыған артыруға қажетті құралдар жетерлік. Жалпы Қосқұдықта 100 бала мектепте білім алады. Оларға 20 мұғалім сабақ береді. Ал бұрынғы мектеп ғимараты балабақшаға айналды. Жалпы Алматы облысында демографиялық өсім жоғары. Биыл өңірде бірінші сыныпқа 38 700 бала барады. Үш ауданда үш мектеп құрылысы бітіп, білім күні есігін айқара ашады. Бұған қоса қазір облыста 16 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Жансая Көпбай, оқушы
«Барлығы бар. Екі этажды мектеп маған ұнап тұр. Біз каникулда демалып, бір бірімізді сағынып енді қазір бір бірімізді көріп, қуанып жатырмыз».
Қанат Бозымбаев, қоғам қайраткері
«Бәріміз осы қорға еңбек жасап болашақта осы Алматы облысының тұрғындарына әсіресе жағдайы қиын, дарынды балалар ,қарт адамдар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетіп, ары қарай сондай жұмысты қолға алайын деп жатырмыз».