Шымкентте биылғы оқу жылында 18 жаңа мектеп есігін айқара ашады
Шымкентте биылғы оқу жылында жаңа 18 мектеп есігін айқара ашады.
Солардың бірі 350 оқушыға арналған ұлттық мектеп пайдалануға берілді. Мұнда бесінші және он бірінші сынып оқушыларына математика және ағылшын пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сондай-ақ олардың тұлғалық қасиетін дамытып, шешендік өнерді меңгеруіне баса мән беріледі. Қосымша домбыра, шахмат, робототехника, қыш-құмыра жасау мен сурет өнерін дамыту сияқты үйірмелер болады. Биыл жекеменшік серіктестік аясында 15 мектеп білім берудің халықаралық озық тәжірибесін енгізді. Бизнес өкілдерімен ынтымақтастық аясында үш ауысымды мектеп мәселесі түбегейлі шешілді. Жалпы қала бойынша бірінші сыныпқа 28 мыңнан астам оқушы қабылданды.
Серікболсын Жақыпбек, мектеп директоры
- Мемлекеттік білім беру стандарттары бойынша білім беріледі. Одан бөлек жаратылыстану бағытындағы пәндер қос тілде өтеді. Яғни ағылшын, қазақ тілдерінде өтіледі. Бұдан бөлек ең үлкен бағат ол тәрбиелік бағыт. Ұлттық қазақи тәрбие. Салт-дәстүрлерімізді таныту, олардың мағынасын ашу, сөз тіркестерін қолдану секілді шешендік өнер бағытында үйірмелер болады.