Жыл аяғына дейін 154 мектептің құрылысы аяқталады – министрлік

Жаңа оқу жылында елде 40-қа жуық мектеп пайдалануға беріледі.

Онда 55 мың бала білім алады.

Оқу-ағарту министрлігі жыл соңына дейін тағы 130 мың орынға шақталған 154 жаңа білім ошағының құрылысы аяқталатынын хабарлады.

Ал келесі жылы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 200 нысан салынбақ.