Алматыда жаңа мектеп-гимназия ашылды. LIVE
Жаңа оқу жылын алматылық оқушылар жаңа мектептен бастады.
Түрксіб ауданының "Қайрат" ықшам ауданында 1500 орындық гимназия ашылды. Қазақ тілінде білім беретін оқу орны заманауи технологиямен жабдықталған. Толық ақпаратты әріптесім Аршын Кемелжан тікелей эфирде айтып беруге дайын. Бұл мектеп-гимназияның өзгелерден артықшылығы неде?
Аршын Кемелжан, тілші:
- Жаңа оқу ғимараты 6 блоктан тұрады. Мұнда бастауыш және жоғары сынып оқушылары екі ауысымда оқиды. Қайрат ықшам ауданы қаланың шет жағында орналасқан. Сондықтан жаңа, заманауи мектептің ашылуын тұрғындардың асыға күткені анық. Мектепте 72 оқу кабинеті, жаңа талапқа сай асхана мен спорт зал, медиатека мен кітапхана бар. Оқу кабинеттері интерактивті және SMART тақтамен жабдықталған. Мектеп жаратылыстану-математика және ағылшын тілін тереңдетіп оқытады. Қазір менің жанымда қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева тұр.
Ләззат Жылқыбаева, қалалық білім басқармасының басшысы:
- Ләззат Әуезханқызы мұнда басқа қандай зертханалар бар? Олар оқушыларға кәсіптік бағдар бере ала ма?
- Жаңа оқу жылында Алматыда қанша жаңа мектеп ашылды?
Аршын Кемелжан, тілші:
- Заманауи мектептің Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталғанында айта кетейік. Ата-аналар балаларының ғимаратқа кіріп, шығуын қадағалай алады. Сондай-ақ №211 мектеп-гимназиясының ашылуы көрші «Жас Қанат» ықшам ауданындағы мектептегі бала санын азайтып отыр.