Жетісудың Қаратал ауданындағы ауыл мектебінде алғашқы қоңырау соғылды
Жетісу облысында биыл алты мектеп жаңадан салынып пайдалануға берілсе, тағы алтауы күрделі жөндеуден өткізілді.
Солардың бірі Қаратал ауданы Кәлпе ауылындағы білім ошағы. Қайта жаңартылған мекемеде бүгін алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты шараға біздің өңірдегі меншікті тілшіміз Шыңғыс Қалиден қатысып жатыр. Қазір ол бізбен тікелей эфирге қосылды. Шыңғыс аталған ауылдағы мектеп қай жылы салынған екен?
Шыңғыс Қалиден, тілші:
Жетісу облысында биыл алты мектеп жаңадан салынып пайдалануға берілсе, тағы алтауы күрделі жөндеуден өткізілді.
Солардың бірі Қаратал ауданы Кәлпе ауылындағы білім ошағы. Қайта жаңартылған мекемеде бүгін алғашқы қоңырау соғылды. Аталған ауылдағы мектеп қай жылы салынған екен?
Шыңғыс Қалиден, тілші:
Кәлпе ауылындағы білім ошағы 1970 жылы салынған екен. Содан бері жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де күрделі жөндеу жүргізілмепті. Тек былтыр қазынадан 1,5 млрд теңге бөлініп ғимараттың іші сырты толығымен жасалды. Және де 100 млн теңгеге мектеп ішіндегі құрал жабдықтар сатып алынды. Жаңартылған білім ордасында жүзі бал бұл жанған бүлдіршіндер мен жасөспірімдер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Сонымен қатар 50 балаға арналған шағын орталық және 650 оқушыны шығармашылыққа баулитын үйірме ашылып отыр. Бұл ата аналар үшін тосын сый болды. Тұрғындардың пікіріне назар аударайық.
Күлсін Ыбырайымқызы, ауыл тұрғыны:
Жанель Иманбаева, Кәлпе орта мектебінің мұғалімі:
Облыс аумағындағы 300 ден аса мектепте 130 мыңға жуық оқушы оқиды. Олардың 13500 ден астамы бірінші сыныпқа барып, мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Жаңа оқу жылына қандай дайындық жүргізілді? Ол туралы облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменовтен сұрап көрейік? Марат Бекбосынұлы оқушыларды кітаппен, ыстық тамақпен өзге де қажеттіліктермен қамтамассыз ету үшін нендей жұмыс атқарылды?
Марат Сүлейменов, облыстық білім басқармасының басшысы
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Жалпы Жетісу облысында биыл 16 білім беру мекемесі салынып жатыр. Оның он бірі мектеп болса қалғаны колледж, студенттік жатақхана, лагерь мен балабақша ғимараттары. Аталған нысандар жыл соңына дейін және келесі жылы кезең кезеңімен пайдалануға беріледі.