Елордадағы мектепте А. Момынқұлова атындағы аудитория ашылды
Білім күні мерекесінде елордадағы №48 мектеп-лицейінде білікті ұстаз Алтынкүл Момынқұлова атындағы аудитория ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алтынкүл Момынқұлова – «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «Сыни ойлауды дамыту» жобасының халықаралық дәрежедегі әдіскері. Ол ғұмырының елу жылдан астамын бала тәрбиесіне арнады. Өскелең ұрпақтың ана тілінде сөйлеп, қазақ әдебиеттің құнарына қанып өсуіне көп үлес қосты. Ұлағатты ұстаздың тәлімін алған қыз-жігіттер бүгінде әр салада табысты еңбек етіп жүр.
Гүлшат Капшаева, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:
- Дәл осы мектепте 20 жылдан астам уақыт еңбек етті. Алтын Момысқызы жай ғана ұстаз емес, ол кісі терең бұлақтай ол кісінің нәрі өте көп. Әрбір шәкірттің жарық жұлдыз болып жарқырауына септігін тигізіп келуде. Әрбір бала қазақ тілінде таза анық сөйлесе деп тіл жанашыры болп келе жатқан ұстаздарың бірі.