Астанада білім фестивалі өтті
Оқу жылының басталуына орай ұлттық бизнес және инжиниринг мектебі алғаш рет білім фестивалін өткізді.
Шара замануи білім беру жүйесін таныстыруға бағытталған. Халықаралық сарапшылар өскелең ұрпаққа қажетті қабілеттерді анықтап, ең негізгілерін тізіп шыққан. Мамандар қазіргі заманда балалардың бойында креативтілік пен коммуникациялық қасиеттерді дамытқан жөн деп тұжымдаған. Білім фестивалінің мақсаты оқушылардың бойына осындай қабілеттреді дамыту және заманауи тенденциялармен бөлісу.
Сұлтан Мұқанов, Ұлттық бизнес және инжиниринг мектебінің бас директоры:
- Бұл фестиваль аясында біздер осы өскелең ұрпақтың бойында болу қажет 7 қабілетті көздедік. Балалардың жеті қабілеті: ұлттық код, фундаменталды білім беру, бизнес және инжиниринг форматы, арт-дизайн, спорт және жеке құзіретті дамыту бойынша курстар жүргіземіз. Сол курстарды бүгін көрме барысында да, мастер-класс барысында да көрсеттік.