Елімізде су мамандарына сұраныс жоғары
Аграрлық саланы серпілту үшін кадр мәселесін түпкілікті шешу қажет.
Бұл – Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асырудың бір жолы, - дейді сала мамандары. Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры әрі Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, Қазақстан бойынша су мамандарын 8 жоғары оқу орны дайындайды. Берілетін мемлекеттік гранттың мөлшері –334. Бірақ жыл сайын бұл гранттың шамамен 60-65%-і ғана игеріледі. Мұнша маманмен саланы дамыту мүмкін емес, - дейді ол. Мәселені шешудің жолы, яғни мамандар әзірлеу үшін елдің Жоғары оқу орындары әлемдегі аграрлық ғылым мен білім беретін алдыңғы қатарлы университеттермен әріптестік орнатуы қажет.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА вице-президенті:
- Қос дипломға ауысуымыз керек. Ондай болатын болса, бізде су мәселесінен бастап, аграрлық мәселе, ветеринария болсын, агрономия мәселесі болсын, дамыған елдердің тәжірибесімен жүретін боламыз. Солардың бағдарламасына ауысатын боламыз. Бұл өте маңызды, соған біз қазір жұмыс істеп жатырмыз.