Өскеменде 700 орындық мектепте 1500 бала оқып жатыр

Балаларға жағдай жасау маңызды.

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Мәселен Өскемендегі кей мектепте оқушы саны шамадан тыс көбейіп кеткен. Қазір 700 орындық ғимаратта 1500 оқушы білім алып жатыр,-дейді мектептерді тексерген облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

Сондай-ақ, бірнеше ауыл мектебінде кәріз суын төгу үшін арнайы келісімшарт болмаған. Мамандар араласқаннан кейін, мәселе шешімін тапты.

Бұдан бөлек жергілікті әкімдіктерге жоспарланған мектеп құрылысын уақытында бастау тапсырылды.

Гүлмира Қайратқызы, Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы:

- Аймақтағы барлық білім ордаларының дайындығын тексеру үшін мониторингтік топтар құрылды. Өскемендегі 5 мектепте жобалық қуаттылығына сай оқытып жатпағаны анықталды. Алдағы уақытта қалада 4 мектептің құрылысы басталады.