«Қазақстан халқына». 800-ден астам грант бөлінді

«Қазақстан халқына». 800-ден астам грант бөлінді

«Қазақстан халқына» қоры 818 жасқа білім грантын бөлді.

Көмек аз қамтылған отбасыларға, жетім және мүгедектігі бар, жалпы әлеуметтік осал топтарындағы талапкерлерге көрсетіледі.

Грант иелеріне 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы мен айына 40 000 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры биыл қайырымдылыққа 20 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған.

Диас Бейсенбек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми өкілі:

- Студенттердің көпшілігі педагогикалық мамандықтарды таңдады. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, дене шынықтыру, аударма ісі деген сияқты. Сонымен бірге медицина, ақпараттық тиехнологиялар, заң, құқық, құқық қорғау саласына қатысты мамандықтарды таңдады.