Елордада саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбайдың кітабы таныстырылды
«Әркімнің жолы – әртүрлі сапар».
Елордада осындай атаумен белгілі журналист-публицист, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбайдың кітабы таныстырылды. Жинақта қаламгердің кейінгі жылдары баспасөзде жарық көрген публицистикалық мақалалары, сұхбаттар, ой-толғамдары мен пікірлері топтастырылған. Ел тәуелсіздігінің үшінші онжылдығындағы саяси-рухани мәселелер жан-жақты қамтылған. Автор ізгілік, адалдық пен ар тазалығы, имандылық сияқты құндылықтарды қаламға арқау еткен. Тұсаукесерге Бас редакторлар клубының мүшелері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Мұратбек Тоқтағазин, Қазақстан бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті:
- Кенжеболат Махмұдұлы қос тілді қатар меғңгерген публицист. Бұл кітап оқырманға медиа кеңістіктегі журналистерге жалпы журналистерге пайдалы болады деген ойдамыз.
Қайрат Сақ ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы:
- Бұл кітаптың маңызы біздің рухани дүниемізді байытумен, әсіресе өзінің бай тәжірибесін кейінгі жастарға беруімен маңызды. Бұл әртүрлі жанрды өқалай жазу керектігі жағынан ЕҰУ студенттеріне оқулық ретінде де қызмет етеді.