Алматыда Т. Садықовтың туғанына 85 жыл толуына орай жиын өтті

Танымал ғалымдардың еңбектері қазіргі ғылымды модернизациялауға септігін тигізеді. Халықаралық конференцияға қатысқан мамандар осындай пікірде.

Жиын академик Тоқмұхамед Садықовтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 20 жылдан астам уақыт басқарды. Сол жылдары классикалық үлгідегі жоғары оқу орнын қалыптастырып кетті. Іс-шараға отандық және шетелдік белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар тарих саласындағы зерттеулер жөнінде пікір алмасып, ғылымдағы заманауи бағыттарға талдау жасады.

Ханкелді Әбжанов, академик, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры:

- Тоқаңның мұрасын жинақтау керек. Ол кісінің жазғандары газет, журнал беттерінде шашылып жүр. Осыны жинақтап, бір 3-5 томдық көлемінде шығарса, студенттерге де, жоғары білім саласындағы мамандарға да үлкен жәрдем, көмек болар еді. Ол кітаптарда әлі жүзеге аспаған, әлі кезегін күтіп жатқан идеялар әлі бар.