Ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленді
Қазақстан, Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия аймағы бойынша үздік 3 инновациялық экономиканың қатарына енді.
Бұл жайында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының биылғы жылғы «Жаһандық инновациялық индексті» баға-лауында жарияланды. Бүгін Үкімет басшысының төрағалығымен жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысы өтіп, онда ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралды. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері, еліміздің халықаралық аренадағы позицияларын жақсарту үшін ғалымдарға қажетті жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруы керектігі айтылды. Қазір ғылымды дамытудың 6 басым бағыты әзірленді. Онда су ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ сапасын сақтау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, парниктік газдар шығарын-дыларын азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия аймағы бойынша үздік 3 инновациялық экономиканың қатарына енді. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері еліміздің халықаралық аренадағы позицияларын жақсарту үшін ғалымдарға қажетті жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруы керек.