Астанада International Education Fair көрмесі басталды

Түлектер үшін таптырмас мүмкіндік.

Астанада Азиядағы ең ірі International Education Fair-2023 білім көрмесі басталды. Онда 25 елдің 60-тан астам университеті есігін ашып отыр. Талапкерлер мұнда шетелдегі жоғары оқу орындары туралы біліп қана қоймай, грантқа өтініш бере алады. Осылайша, білім қолжетімдігі арта түспек. Таяуда бұл көрме Алматы мен Шымкент қалаларына барады.

Батырхан Әміртаев, ұйымдастырушы:

- Бұл жерде әртүрлі грант бар. Мысалы, Болашақпен баратын болса, студенттің грантты өтеуіне міндеті бар. Халықаралық стипендиялар болса, ол жерде грантты өтеудің ешқандай бір шарттары жоқ. Оқу біткеннен кейін 1 жыл көлемінде виза тағы береді. Сол 1 жыл көлемінде студент сол елде жұмыс таба алса, мүмкіндігі болса, әрі қарай жалғастырады.