Педагогтарды аттестаттау жүйесі жетілдірілді
Елімізде жаңа оқу жылынан бастап педагогтерды аттестаттаудың жетілдірілген тәсілі қолданыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұстаздардың біліктілігін бағалаудың жаңа ережесіне сай педагог тек өз пәні бойынша тест тапсырады. Процесс Ұлттық платформа негізінде автоматтандырылды. Оқу-ағарту министрлігі таратқан мәліметке сай қызметке алғаш кірісетін түлектер педагогтің кәсіби құзыреттілігін диагностикалау үшін тестілеуден өтеді. Енді педагогтерге марапаттар оқушыларының жетістіктеріне сәйкес беріледі. Ұстазға соған сай біліктілік санаты беріледі. Алдағы уақытта педагог мамандарын жұмысқа қабылдау рәсімі де автоматтандырылады.