Елімізде білім саласын цифрландыруға басымдық беріледі

Білім саласын біраз өзгеріс күтіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе енді оқыту ісінде цифрландыруға айрықша мән беріледі. Бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушыларға интернет кеңістігі арқылы мол ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аталмыш бастама сала серпілісіне бағытталған Ұлттық баяндамада қамтылды. Құжатта алдағы 10 жылда білім берудің сапасын көтеру механизмі көрсетілген. Оған балабақшадан бастап университетке дейінгі жүйе қосылды. Қазір баяндама қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр. Егер қалың қарашаның қолдауын тапса, Мемлекет басшысына жіберіледі.

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:

- Қазір қоғам тарапынан да, ата-ана тарпынан да білім сапасына сын көп. Бұл сын орынды. Өйткені білім саласы осы уақытқа дейін ең көп реформа жүргізілген саланың бірі болып табылады. Сондықтан осы «Білім сапасын арттыруға» бағытталған Ұлттық баяндама осы сынға жауап деп есептеймін.