Қазақстандық жастар Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті
Астанада басталған Nobel Fest ғылыми фестивалі аясында студенттер мен мектеп оқушылары жасанды интеллект және цифрлық дамудың соңғы мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әлемнің үздік ғалымдары, Нобель сыйлығының лауреаттары бас қосқан шарада жасанды интеллектің білім беру жүйесіне әсері мен жасыл энергетиканы Қазақстанда дамыту жолдары айтылды
Жастар Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті
Соңғы 10 жылдық, оның алдындағы 100 жылға қарағанда көп өзгеріс әкелді. Биылғы Nobel Fest-те жаһындық жылыну және жасанды интеллектке ерекше назар аударылды. Мысалы, танымал футуролог Гред Леонгард адамдардың табыс табу үшін технологияны пайдаланып, экологияға деген қызығушылығын жоғалтып жатқанына алаңдайды. Ал Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг бұл проблемаланы шешудің өз жолын ұсынды.
Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты, климат және тұрақты даму бойынша сарапшы:
- Экологиялық мәселелерді қазірден бастап реттемесе, Қазақстан және Орталық Азия елдері бірқатар проблемаға тап болуы мүмкін. Менің ойымша, бұны «жасыл тарифтер» енгізу арқылы шешуге болады. Мұндайда адамдар тазартылған су және баламалы қуат көздеріне көбірек төлейді. Бірақ ұзақ өмір сүріргісі келетін, денсаулығын күтетін азаматтар арнайы тарифтерді төлеуге дайын деп ойлаймын. Өз кезегінде бұл суды қайта өңдеп, оны сақтайтын қоймаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Жаңа технологиялар энергия қуатын арттыруды талап етеді. Отандық кәсіпкерлердің айтуынша, Қазақстан жел мен күн электр станцияларын салу арқылы электр қуатын өндіруді барынша жылдамдата алады.
Исламбек Салжанов, кәсіпкер:
- Nobel Fest саммитінің бүгін өтуінің символдық мәні бар. Президентіміз Қазақстан болашақта инновационный мемелкет болу керек, дамыған мемлекеттің қатарына кіру керек деп жолдауында айтты. Сол себепті бүгінгі болып жатқан шара сол жоспарға жетуге өз үлесін қосады деген сенімдемін.
Жасанды интеллект vs дәстүрлі білім жүйесі
Nobel Fest-те айтылған тағы бір мәселе – жасанды интеллекттің қалыпты өмірге кірігуі. Chat GPT қазіргі білім беру жүйесіне үлкен қиындықтар туғызуы ғажап емес. Бірақ «Біз дәстүрлі дағдылардан алыстап, жаңа әдістемелерді қолданып, ғылымға бет бұруымыз керек. Осы бағытта жасанды интеллекеттің ұтымды тұстары бар. Оны пайдалануға жағдай жасасақ, жаһандық жылыну, ауызсу проблемаларын шешетін жаңа ғалымдар да табылады», - дейді академик Дария Қожамжарова.
Дария Қожамжарова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:
- Жасанды интеллект ол уақытқа да қарамайды, ол елді де таңдамайды, ол жаңа технологияларға байланысты барлық жерге кіріге бастайды. Сондықтан да өнеркәсіптің адамдардың ортасында тұрған бір керемет инсайт қажеттігін түсініп отырмыз. Ал оны беретін, оны жасайтын ЖОО қазіргі таңда осы құбылысқа осы өзгеріске дайын болуға тиісті. Кей кезеңде тіпті біздің дәстүрлі білім алып отырған ЖОО студенттері қазіргі таңдағы уақыт талабына сәйкес өзінің мамандығы есікіріп қалуы да мүмкін. Сондықтан да біз осы лауреаттардың танымал зертетулері арқылы өзіміздің университетімізге алып келу мақсатында жұмыс жасап жатырмыз.
Айта кетейік, Auezov University-ті алғашқылардың бірі болып Нобель сыйлығының иегері, климаттық жылынуды зерттеп жүрген Оңтүстік Кореяның ғалымы Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономика орталығын ашқан. Онда әлемдік ғалымдардың зерттеуін пайдаланып, сол технологияларға оқытады. Білім ордасы осы Nobel Fest аясында орталыққа жаңа ғалымдарды тартуды көздейді.
Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:
- Экономика, экология, жасанды интеллект. Әлемнің үздік сарапшылары бүгін Nobel Fest алаңында осы салалардағы өзекті мәселелерді талқылап, тың идеяларымен бөлісті. Ендігі мақсат – өз елімізде осыны дамыту. Мысалы, студеттерді жасанды интеллектпен жұмыс істей алатындай деңгейге жеткізу үшін Қазақстан технологиялық алыптармен бірігіп 14 ЖОО пилоттық курс бастады. Егер жоба табысты болса, келесі жылдан бастап бүкіл білім университеттерде міндетті түрде жасанды интеллект сауаттылығы оқытылатын болады.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Наурызбай Құрманғазы.