Қостанайда Спандияр Көбеев атындағы дәрісхана ашылды

Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірінде Спандияр Көбеев атындағы дәрісхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ әдебиеті тарихында алғашқы романдардың бірін жазған көрнекті тұлға бар ғұмырын ағартушылыққа арнаған. Салтанатты іс-шараға жазушы-педагогтың ұрпақтары қатысты. Олар оқу орынына заманауи электронды жабдықтар тарту етті.

Спандияр Көбеевтің туғанына биыл 145 жыл толады. Оның шығармашылық, педагогикалық мұрасы әлі де зерттеп зерделуді қажет етеді. Әсіресе білім, тәрбие берудегі ой-пікірлері болашақ ұстаздар үшін аса маңызды, - дейді сөз сөйлегендер.

Кенжегүл Есіргепова, педагогикалық институт директорының міндетін атқарушы:

- Қазақтың білікті жазушыларының бірі, бірақ сонымен қатар Спандияр Көбеев – бұл ұстаз. Оның педагогикалық ой-тұжырымдарын алдағы уақытта біздің студенттер солар оқып, біліп, ары қарай дипломдық жұмыстарда ол кісінің еңбегін, педагогикалық көзқарастарын тереңірек зерттеу мәселесі мақсат етіліп отыр.