Алматыда ғалымдар алмастан бұрғылау құралын жасады
Алматыда Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары алмастан бұрғылау құралын жасады.
Механикалық салмақ оның негізгі жұмыс істейтін бөлігі-бұрғылау саптамасына түседі. Сондықтан тау жыныстарын жеңіл бұзады. Бұл құрылғы қазір елімізде қолданылып жүрген құралдармен салыстырғанда анағұрлым тиімді.
Жаңа бұрғылау құралдарын жасау оңай шаруа емес,-дейді геофизика кафедрасының меңгерушісі Боранбай Ратов. Аспап төзімді болуы тиіс. Көп нәрсе оның жұмыс бөлігі –бұрғылау саптпамасына байланысты. Ол өте берік материалдан істелмесе еңбек еш кетеді. Ғалымдар арнайы жабдықтарды қолданады. Мақсат-мұқалмас құрал дайындау.
Боранбай Ратов, Сәтбаев Университетінің кафедра меңгерушісі:
- Қазіргі таңда мұндай коронкаларды, көбіне осы алмазды коронкаларды Қазақстанда шығармайды. Мұның барлығын біз шетелдерден аламыз. Сондықтан бұл бірінші жағдай деп айтуға болады. Бұлардың көбінің техниалық характеристикасын шетелдік мамандар айтпайды. Осы коронкаларды біз өзіміз осы зертханалық базада шығарамыз.
Қазір зертханада матрицасы жасалып жатыр. Қажетті элементтер әбден араластырылып, содан соң арнайы графитті қалыпқа құйылады. Индукциалық пештерде мың градустан жоғары темперутарада қыздырылып, ыстық күйінде нығыздалады. Бір бұрғылау саптамасын жасауға 3 сағат кетеді.
Артур Косьминов, кіші ғылыми қызметкер:
- Престен дайын өнім шығады. Ал қалыпқа шикі ұнтақ түріндегі қоспа құйылады. Оның кесуші бөлігі алмас-матрицалық қабаты өте берік болады. Мұндай бұрғылау құралы ауыр механикалық салмаққа төзімді келеді.
Құралдың құрамына синтетикалық алмас қосылғандықтан оның жұмыс істеу мерзімі 2-3 есеге ұлғаяды. Сондықтан бұл көпқабатты аспап 300-400 метр тереңдікке дейін ең қатты тау жыныстарын бұрғылай алады.
Ұлан Нарынбек, Наргиза Тәкежанова, Валентин Лобанов