Digital Bridge 2023 форумы басталды

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі «Диджитал Бридж-2023» форумы басталды.

Форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Президент «Әдеттегідей Форумға қызығушылық жоғары. Бұл Қазақстанның Еуразия кеңістігінде жетекші әрі маңызды цифрлық және қаржылық технология хабы екенін тағы да нақтылай түседі» деді. Биыл Digital Bridge форумына 20 мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде 300-ден астам IT компанияның өкілдері және 30 елден келген делегация бар. 

((ЦИТАТА

Бүгінгі шараның тақырыбы өте өзекті. Жасанды интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды. Жаңа дәуірдің басталғанына куә болып отырмыз. Кезінде электр жарығы мен интернетті ойлап табу тіршілігімізді қалай түбегейлі өзгертсе, жасанды интеллект технологиясының ықпалы да дәл сондай орасан зор. Ол адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандырады және ауқымды экономикалық құндылық қалыптастыра алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті ))