Білім беруді еңбек нарығына бейімдеу қажет
Келешекте жүздеген мамандық жоғалып, 3 миллионға жуық жұмыс орны жойылуы мүмкін.
Жаһан сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Әлем бастан кешіп жатқан технологиялық революцияға, Қазақстан да дайын болуы керек. Сол үшін Президент жаңа дағдыларға, мектептен бастап, баулуды тапсырды. Цифрлық сауаттылық пен инфор-матиканы оқыту сапасын арттырып, университеттерде маман даярлау ісін өзгерту қажет.
(( ЦИТАТА:
«Университеттерде пәндерді оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек. ))