Ақмола облысында білім беру саласында жемқорлықпен күрес күшейеді
Ақмола облысының білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есепке алу жүйесі енгізіледі.
Бұл оқу орындарының бюджетін бақылауға, саладағы жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді. Пилотты жоба әзірге облыстың төрт аймағында жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің айтуынша, қазір білім саласында жемқорлық мәселесі өзекті болып тұр. Тек соңғы 3 жылда мемлекетке келтірілген шығын 11 миллиард теңгеге жеткен.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Жалпы білім беру саласындағы заңдылықты сақтау өзекті мәселе. Бұл салаға жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Тек соңғы үш жылда 12 трлн теңге бөлінді. Сол себепті жол картасын дайындадық. Құжатты білім министрлігі бекітті. Бұдан бөлек пилотты жобалар бар. Алғашқысын Павлодар облысында жүзеге асырдық.