Шымкентте жекеменшік балабақшалар мемлекеттік тапсырыстан қағылуы мүмкін
Шымкентте жүздеген жекеменшік балабақша мемлекеттік тапсырыстан қағылуы мүмкін.
Себебі барлық мектепке дейінгі ұйымдар қауіпсіздік талаптарының жоғары стандарттарына сәйкестендірілуі керек. Алайда олар бір ай ішінде турникеттер орнатып, бейнебақылау жүйесін Полиция департаментіне қосуға кедергі көп,-дейді. Мәселен, камераларды жедел басқару орталығымен біріктіру қыруар қаржыны талап етеді. Оған сапасыз интернетті қосыңыз. Бұл мәселе кәсіпкерлер палатасында айтылды. Қалалық білім басқармасының өкілдері болса талап ортақ, оның сақталуы маңызды екенін атап өтті. Айта кету керек, бүгінгі таңда шаһарда 605 балабақша болса, оның басым бөлігі жекенің басқаруында.
Диана Қараманова, "Үздіксіз білім беру" қауымдастығы филиалының директоры:
- Барлық балабақшалар ДВД-ға қатысты осы ЦОУ-ға интеграциялау бойынша хабарласып еді әлі дайын емес олардың өздері. Ал бізге қазір актуализация кезінде ол өте маңызды болып тұр.
Нұргүл Шамшиева, қалалық білім басқармасының басшысы:
- Балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан әрбір білім беру мекемесінде қауіпсіздік жағдайлары жасалуы керек. Екінші мәселе қазіргі қараша айында өтетін актуализация бойынша біз оны заңнамалық тұрғыда заңгерлермен сөйлесіп, шешімін табуға тырысамыз деп уәде бердім жаңа.