Елімізде жоғарғы білім алғысы келетін Өзбекстан жастары көбейді
Еліміздің жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін Өзбекстан жастары көбейді.
Бұл жайында Ташкентте өткен халықаралық білім жәрмеңкесінде белгілі болды. Шараға қазақстандық университет өкілдері қатысты. Олар көрші елде тұратын қаракөз қандастарға тарихи Отанда білім алу жолдарын түсіндірді. Бұл үрдісті мамандар құптарлық іс санап отыр. Себебі біздің елде қазір 100-ден астам жоғары оқу орны бар. Кейінгі кезде техникалық және айти салаға бөлінетін мемлекеттік гранттар саны артып, заманауи мамандар легін қалыптастыруға басымдық берілген. Сыртта жүрген қандастар сол мүмкіндікті пайдаланып, арнайы квота арқылы оқуға түсе алады.
Айдана Айтбай, қазақстандық ЖОО өкілі:
- Бұл жақтағы оқушылардың көбі ай-ти мамандыққа көп қызығады екен. Бизнес саласында сұрақтары көп болды. Өзбекстанның нарығында біздің біліуімізше университетке түсу қиын. Бұл жақта да емтихан тапсыру керек. Грант саны аз. Егер оқушының қызығушылығы бар болса, біз әрине қабылдаймыз. Ең бірінші мақсатымыз екі ел арасында білім саласында көпір болғымыз келеді.