Қазақ ұлттық қыздар университетінде көпшілікке арналған музей ашылады
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығы, оқу орнында көпшілікке арналған мұражай ашуды ұсынды.
Себебі мұнда өте сирек кездесетін көне кітаптар, ұзақ уақыт бойы сақталып келеді. Өкінішке орай, қазіргі уақытта мұражайға университеттің оқытушылары, студенттері мен қонақтары ғана кіре алады. Кітапхананың библиографиялық жинағына зерттеуші Андрей Рудольскийдің «Кіші Анахарсистің саяхаты» көп томдығы сынды басылымдардың түпнұсқалары енгізілген. Бұл тарихи шығарманың Ежелгі Грекияға арналған бірінші томы 1808 жылы жарық көрген. Ол алғашында француз тілінде жазылып, кейін орыс тіліне аударылған. Айта кетейік, Қазақстандағы ең үлкен кітапханалардың бірі осы қыздар педагогикалық университетінде. Оның қорында 1 миллион 90 мыңға жуық кітап бар. Соның 4 жүзден астамы сирек кездесетін туынды.
Әсем Өтегенова, ҚазҰҚПУ кітапхана директоры:
- Біздің университетте көне кітаптардың бірегей қоры бар. Олар біздің мұражайда. Сирек кездесетін бұл кітаптар қазақстандықтарға қолжетімді болса деген ойымыз бар, өйткені бұл 17-ғасырдан қалған бірегей жәдігерлер. Ашық мұражайға келушілер бір мезгілде біздің мұрамызбен, университетіміздің тарихымен танысады.