Семейлік ғалымдар жемнің жаңа түрін шығарды

Семейлік ғалымдар жемнің жаңа түрін шығарды

Семейлік ғалымдар құс жемінің жаңа түрін шығарады.

Жергілікті университеттің оқытушылары арнайы жоба әзірледі. Қазір Абай облысындағы құс фабрикаларында жем тапшы. Инкубациялық жұмыртқа да жеткіліксіз. Себебі жем мен жұмыртқа сырттан тасымалданады. Қаладағы оқу орнының мамандары мәселені шешуге дайынбыз деп отыр. Олар бұған дейін мал шаруашылығына жем дайындап, «Азық қоспалары» деген жобаны жүзеге асырған еді.

Әйгерім Ағатанова, құс фабрикасының бас мал дәрігері:

- Проблемаларымыз сол жем. Өйткені қымбат жем аламыз. Шет елден. Екіншіден, ол жұмыртқа. Инкубациялық жұмыртқа. Өндіруші Қазақстанда болса бізге жеңіл болушы еді. Жұмыртқаны біз Ресейден аламыз. Ол жақта қазір инфекциялық аурулар болып жатыр. Құс тұмауы. Соның барысында қиындық туындады.

Шыңғыс Сүлейменов, Шәкәрім университеті ғылым департаментінің директоры:

- Ұсыныс бергендер бройлерлік бағыттағы тауықтардікі. Яғни тауықтың өнімділігінің сапасын арттыру бойынша. Мұндай жем Қазақстанға әкелінбейді. Тек қана шетелден әкелініп жатыр. Бұл бойынша біз қазіргі таңда университетіміздің ғалымдарымен бірігіп ғылыми жобаларға конкурс жарияланған. Соған ұсыныс ретінде беруге дайынбыз. Ұсыныс жасалуда.Егер гранттық қаржыландыру ретінде ұтып алсақ, яғни біз толығымен өнімді коммерцизациялауға ұсынуға дайын боламыз.