Биыл күзгі орыс тілі мектебіне 20 жыл
Жалпы Қазақстанда бұл тілдің дамуына бар жағдай жасалған.
Ушинский мен Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының рөлі және «Күзгі орыс тілі мектебінің» 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда осындай пікірлер айтылды. Дәстүрге сай жиынға елдегі мектептерде орыс тілі және әдебиетін оқытатын мұғалімдер келді. Олар Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жергілікті филиалында Ресейден арнайы келген әріптестерінің қазіргі ғылыми-педагогикалық жұмыстарымен танысып, пән оқытудағы тәжірибелерімен алмасты.
Айта кету керек, биыл ТМД төңірегінде «Орыс тілі жылы» деп жарияланған.
Александр Сидорович, М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының директоры:
- Ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсарин кезінде 14 мектеп ашқан. Бүгінде біз соның игі ісін жалғастырып келеміз. Биыл 20 жыл толып отырған күзгі орыс тілі мектебімізде тыңдаушылардың саны 3 мыңға жетті. Дәстүрге сай біз Астанада жолығып, орыс тілін үйретуде туындайтын мәселелерді талқылаймыз. Педагогтар арасында қарым-қатынас орнатып, халықтарымыздың мәдениетін дамытуға үлес қосамыз.