ЕҰУ-да С. Бердіқұлов атындағы аудитория ашылды
Бердіқұлов еңбектері кеңінен дәріптелуі керек.
Әсіресе жас журналистер үшін берері көп. Бұл жөнінде Астанадағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Еуразия ұлттық университетінде өткен жиынға Сейдахмет Бердіқұловтың шәкірттері, ғалымдар, сарапшылар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұған қоса айтулы іс-шара аясында дәл осы білім ордасының жанынан Сейдахмет Бердіқұлов атындағы аудитория ашылды. Енді осы жерде өскелең толқын оның өмірбаяны және шығармашылығымен таныса алады. Бұған қоса сұхбат жазуға арналған орын да бар.
Еске сала кетейік, Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына байланысты биыл бірнеше шара ұйымдастырылып, оның қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесі терең зерттеліп жатыр.