Болашақ әлеуметтанушылар сайысқа түсті
Қаздататон республикалық байқауы қорытындыланды. Бұл жолы қатысушылар, алдын ала берілген статистикалық деректер негізінде әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.
Болашақ әлеуметтанушылар немесе осы салаға қызығушылық танытқан кез келген жас мәліметтерді өңдеу арқылы зерттеу жасап, қорытынды шығару машығын шыңдайды. Мақсат – жас мамандардың аналитикалық қабілетін дамыту.
Ақтық кезеңге шыққан 12 команда қазылар алқасының алдында жобаларын қорғап, үздіктері марапатталды. Дататон конкурсының ұйымдастырушысы – Ұлттық статистика бюросы және “Ел үміті” корпоративтік қоры.
Жазира Маратқызы, ҚР СЖРА ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы:
- Биылғы конкурс барысында олар қоғамның тұрмыс деңгейі бойынша жобаларды қорғайды. Әрбір мәліметтің негізінде шешім қабылдауға болады және ол шешім қоғамға қалай әсер етеді – сол дүниенің байыбына барып, қалай зерттеуге болатынын көреміз.
Олардың ішінде негізінен халықтың тұрмыс деңгейі, су, азық-түлік тұтынуы сонымен қатар медицина жағдайы бойынша зерттеулер жасаған.
Асылхан Еркебұланов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті:
- Біздің команда негізі ауылдағы мектептер туралы тақырыпты зерттеді. Ауылдағы балалар өздеріне қалай дамыта алады, қалай ауылдан қалаға шыға алатынын соны зерттеп көрдік. Бұны дата-анализ деп айтуға болады өйткені қазір әлеуметтануда мәліметтер өте көп және олардың бәрін дұрыстап қарап, зерттеу керек.