Ғалымдар Алматы апортының климатқа төзімді түрін өсірді
Отандық ғалымдар Алматы апортының климатқа төзімді түрін өсірді.
Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көп жылғы еңбегі жемісін берді.
«Алматының қызыл алмасы» деп аталатын апорт түрін жандандыру үшін ғалымдар сиверс алмасының 30 түріне ДНК сараптама жасаған. Биыл иісі мен салмағы талапқа сай өнім алды.
Шаруалар негізінен Еуропа елдерінде шығарылған «голен делишес», «фуджи» сынды алма түрлерін өсіреді. Жалпы облыста 11 140 гектар алма бағы болса соның 7 мың гектары Еңбекшіқазақ ауданының үлесінде. Биыл Түрген ауылындағы қожалық он гектар жерден алма жинаған. «Бірақ, көктемде үсіктен кейін жеміс дұрыс шықпады» дейді қожалық агрономы.
Берік Қуатбек, агроном:
«Өнімділік жақсы болғанда...Одан да жақсы болуы керек қой скл 35-40 тонна шығуы керек бұл интенсивный бақта. «Биылғы аз берді. 5-6 кг. Әрқалай.
Алматы апортының базар мен дүкен сөрелеріннен жоғалып кетуіне бірнеше себеп бар. Ең біріншісі адами фактор. Тау етегінде жайқалып өскен алма бақтары көп жыл бойы аяусыз кесілді, тамырымен қопарылды. Ағашы сиреген бақтар әбден қартайды. «Ал, жаңа көшеттерін отырғызуда агротехникалық талаптар сақталмады. Осының барлығы апорттың жойылуына әкелді» дейді сала мамандары.
Сағи Сайранұлы, қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ "Талғар" аймақтық филиалының директоры:
«Бұл жұмыс ғылыммен жасалады. Осы жерде помологиялық бақта, лабороторияда ғылыми қызметркерлер ғылыми жұмысты жасайды». «Мынау тамырланып келе жатыр. Осы тамырланғаннан кейін біз бұны алып, арнайы контейнерге отырғызамыз да теплицада жетілдірімез. Былай айтқанда бір жыл арасында уақытымыз кетеді осыған.
Ғылыми жолмен шығарылған өскіндер жылыжайда жетілген соң, баққа егілді. Бір гектар жерге 210 түп ағаш отырғызылады.
Алмас Садуақас, тілші:
«Мына алма ағаш осыдан 8 жыл бұрын егілген еді. Қазір биіктігі 3-4 метрге көтерілді. Биыл институт ғалымдары алма бақтан салмағы 500 грамм болатын алма терді. Ал келесі жылы бақ толық өнім береді деп жоспарланып отыр».
Бес гектардан жоғары интенсивті алма бақ отырғызған шаруа қожалықтарына мемлекеттен субсидия бөлінеді. Субсидия шаруа шығынының 40% өтейді. Жалпы Алматы облысында алма өсірумен 500 шаруа қожалығы айналысады.
Самат Жұмәділ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
«Биылғы жылы жүз гектардан астам интенсивті бақтар облысымызда отырғызылды. Ол Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында. Осы бағыт бойынша 500 мыңға жуық түп ағаш интннсивті бақ отырғызылған болса, 47 900 түп қарапайым бақ отырғызылып өздерінің тиесілі субсидияларын алып жатыр. Яғни бұл бағыт бойынша 440 млн.теңгеден астам субсидия төленді».
Апортты жандандырған институтта суперэлиталық көшет дайындалады. Фермерлер ғылыми мекеменің әдістемесіне сүйеніп, Алматының брэндін өсіруге ынталы. Келер жылдан бастап апорттың сапалы көшеттері егілмек. Бұл бағытта шаруалармен меморандум жасалған. Жалпы Іле Алатауы бөктетінде апорттың 1200 гектар бағы бар. Бірақ соның басым бөлігі қартайған алма ағаштары. Апорт тек теңіз деңгейінен 850-1200 метр биіктікте жақсы өсіп, мол өнім береді.
Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов