Алматыдағы өрт. Ғылым және жоғары білім министрлігі түсініктеме берді

Алматыдағы өрт. Ғылым және жоғары білім министрлігі түсініктеме берді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының жоғары оқу орындары аталған хостелмен студенттерді орналастыруға келісім-шарт жасаспағанын хабарлайды.

Студенттерді көрсетілген хостелге орналастыру жүргізілген жоқ. Біздің мәліметтеріміз бойынша, бұл хостелдің тұрғындары жеке жалдау компаниясымен ынтымақтастық арқылы өз бетінше келісім-шарттар жасасты. Бүгінгі таңда ЖОО-лар 87 нысанды (қонақ үйлер мен хостелдер) жалға алды – деп түсіндірді министрліктің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, жоғары оқу орындары келісімдер жасасатын жалға алынған объектілерге өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, камералардың, турникеттердің болуы, коменданттық сағаттың сақталуы бөлігінде жоғары талаптар қойылады.

Шарт жасасқан хостелдерде ЖОО-ның студент жастары ғана тұрады. Үй-жайларға үнемі мониторинг және тексеру жүргізіледі – делінген мәлімдемеде.