Өртенген хостелмен ешбір жоғарғы оқу орыны келісім жасаспаған – Министр
Алматыдағы бірде бір жоғары оқу орны өрт болған хостелмен жұмыс істемеген.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Еске салайық, Алматыдағы апатта көз жұмғандардың екеуі студент. Жатақханада орын тапшылығына байланысты, тамыз айында министрлік студенттерді хостелдерге орналастыру туралы тапсырма берген. Бірақ "осы күнге дейін университеттермен келісімшарт жасаған хостелдерде ешқандай келеңсіз жағдай тіркелмеген" деді ведомство басшысы. Жалпы Алматыда 39 мың адамға есептелген, 149 жатақхана бар.