Қарағанды облысында Абай атындағы мектептер альянсының құрылтайы өтті

Мақсат Абай Құнанбайұлының ілімін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау болды.

Құрылтайға облыстағы Абай атындағы 8 мектептің өкілдері, белгілі абайтанушы ғалымдар қатысты. Халықтың бір туар перзентінің еңбегін өскелең ұрпаққа жеткізу жолында құрылған ұйым белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Кезекті рет өткізілген жиында Абай ілімін оқушылардың жас ерекшелігіне сай кезең-кезеңмен оқыту мәселесі талқыланды. Аталған бастаманы белгілі ғалымдар да қолдап отыр.

Жабал Шойынбет, "Хакім Абай" қоғамдық қорының президенті:

- Абайдың қара сөзінің мән-мағынасын түсіндіре бастау керек. Оқушылар мен ЖОО студенттеріне мағынасы терең болсада, соның дәмін алдырып, бастамасы, мына жердегі мұғалімдерде мен байқап отырмын сондай талпыныс бар.

Гүлназ Жаркеева, облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері:

- Басты мақсаты Абайдың шығармаларын кеңінен насихаттау, Толық адам ілімін насихаттай отырып педагогтер мен оқушылардың кәсіби құзіреттілігін, оқушылардың ұлтжанды тұлға ретінде қалыптасуы мақсатында осындай пікір алаңдарын ұйымдастырамыз.